{metadescription}
Садриддин Ахмедов қарсыласын бірінші раундта нокаутқа жіберді

Садриддин Ахмедов қарсыласын бірінші раундта нокаутқа жіберді

Квебекте (Канада) өткен Давид Лемье - Карим Ашур жекпе-жегі шеңберінде қазақстандық екі боксшы кездесу өткізді.

20 жастағы Садриддин Ахмедов аргентиналық Ариеля Алеханро Зампедримен жұдырықтасты. Бірінші орта салмақ дәрежесі бойынша төрт раундқа есептелген жекпе-жек бірінші раундта уақытынан бұрын, қазақстандықтың жеңісімен аяқталды. Бұл Ахмедов үшін кәсіби бокстағы екінші жеңіс.

Еске салсақ, Садриддин бірінші орта салмақта мексикалық боксшы Тони Баррераспен жұдырықтасып, 31 секундта сұлатқан болатын. 

Тағы бір қазақстандық, 24 жастағы Нұрзат Сабиров кәсіби рингте алтыншы кездесуін өткізді. Бұл жолы ол мексикалық Роландо Паредеспен жұдырықтасты. Жартылай ауыр салмақ дәрежесі бойынша өткен кездесу алты раундқа жалғасты, нәтижесінде қазақстандық жеңіске жетті - 60:54, 60:54, 60:54. 

Қазақстандық боксшының қоржынында алты жеңіс бар, ол барлығы алты жекпе-жек өткізген, ал Паредес осымен жетінші рет жеңіліп отыр, сонымен қатар, оның қоржынында 13 жеңіс болса, екі рет тең түскен.

Дереккөз: vesti.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде