{metadescription}
Ғалымдар: сағыз артық салмақтан арылуға көмектеседі

Ғалымдар: сағыз артық салмақтан арылуға көмектеседі

Токиодағы Васэда университетінің ғалымдары сағыздың денсаулыққа пайдалы жағын анықтады.

Ғылыми зерттеудің нәтижесі Journal of Physical Therapy Science басылымында жарияланды.

Сағызды жүріп бара жатқанда шайнау артық салмақтан арылуға көмектеседі.

Мамандар 21-69 жас аралығындағы 46 ер адам мен әйелді зерттеуге алған. Олар екі топқа бөлген. Бірінші топқа екі жастықша сағыз берілді, олар 15 минут бойы жүріп келе жатып оны шайнады.

Ал екінші топқа сағыздың орнына дәл сондай құрамдағы ұнтақ берілді. Ғалымдар екі топтағы адамдардың жүрек қағысының жиілігін, жүріп өткен қашықтықты және жұмсалған энергияны өлшеді.

Нәтижесінде бірінші топтағы адамдардың жүрек қағысының екінші топтағылармен салыстырғанда екі есе жоғары екені анықталды. 

Ғалымдардың сөзіне қарағанда, жаттығулар мен сағызды үйлестіріп, дене салмағын тиімді бақылап отыруға болады.

Кеше

16 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде