{metadescription}
ФОТО: Бурабай жолында көлік ғимаратқа соғылып, 3 адам көз жұмды

ФОТО: Бурабай жолында көлік ғимаратқа соғылып, 3 адам көз жұмды

Ақмола облысының аумағында «Астана-Көкшетау» тас жолының бойында жол апаты болып, 3 адам көз жұмды.

Ресми деректерге қарағанда, жол апаты бүгін таңертең сағат 07:00 шамасында Бурабай ауданы аумағындағы Бурабай курортына апарар жолдың «Астана-Көкшетау» тас жолына  түйісер тұсында болған.

Hyundai Starex минвен көлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай бос тұрған көліктік байқау бекетінің ғимартына соғылды.

Жол апатынан көлікте отырған 3  адам оқиға орнында көз жұмса, тағы 4 адам аудандық аурханаға жеткізілді. Зардап шеккен тағы бір адам аурханада көз жұмған деген мәлімет бар. Қазіргі кезде полиция оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде