{metadescription}
Тұзды тозаң: Нүкіс тұрғындары маска киіп жүр

Тұзды тозаң: Нүкіс тұрғындары маска киіп жүр

Өзбекстан Республикасының батыс бөлігіне тұзды тозаң тарап жатыр. 

Өзбекстандағы Қарақалпақстан мен Хорезм облысына тұзды тозаң тарауда. Арал теңізінің жағасындағы қатты жел тұздың тозаңын ауаға таратуда.

Өзбекстан гидромет мәліметінің хабарлауынша, Нүкіс қаласында 40 градус аптап ыстықтан кейін күн бірден салқындап, температура  +20 - +22 °C-ге дейін төмендеді. Жаңбыр жауып, жылдамдығы 22 метр жел соғып , Қарақалпақстанның қалалары мен Хорезмге Арал жағалауларынан тұз бен тозаңды ұшырып алып келген.

Нүкістіктердің айтуынша, қаланы тұз тозаңы басып, тыныс алу қиындаған. Бірқатар адамдар маска киюге мәжбүр.

 Әлеуметтік желіде Нүкіс тұрғыны Азамат Маткаримов былай жазады:

"Бүгін Нүкісте тұз тозаңы аралас жел тұрды. Күшті жел тұз бен оның тозаңы араласқан құмды көтеріп, оны ауылдар мен елді мекендерге таратуда. Құрғақ құм көзді ашытады. Құм үйге де кіріп жатыр. Оған ештеңе де кедергі болар емес. Бұл тек тұз ғана емес, тозаңның құрамында пестицидтер мен азот тыңайтқыштары да бар".

 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде