{metadescription}
ВИДЕО: Жолаушылар автобусына найзағай түсіп, өртеніп кетті

ВИДЕО: Жолаушылар автобусына найзағай түсіп, өртеніп кетті

Грецияның солтүстігіндегі Ферес округы, Монастираки елдімекенінде халықаралық автобусты найзағай соқты.

Жолаушылар автобусы Александруполис қаласынан Орестиаду бағытында келе жатқан.

Автобус жүргізушісінің ептілігі мен құдайдың жіберген сәттілігінің арқасында жолаушылар аман қалды. Жүргізуші барлық жолаушыны салоннан жылдам шығарып үлгерді. Соның ақасында ешбір жолаушы жарақат алмай, күйік шалмай сау қалды. Өрт сөндірушілер жеткенше, автобус толығымен жанып кеткен. 

Шарпыған жалынның күшті болғаны соншалық, өрт айналаға тарай жаздады. Жолаушылар бәрі жабылып өрттің таралмауына күшін салды.  

Видео авторы: e-evros TV

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде