{metadescription}
Ағасын 63 жылдан кейін тауып алды

Ағасын 63 жылдан кейін тауып алды

«Казахстанская правда» республикалық газетінің интернет-редакциясында жауапты редактор болып еңбек ететін елорда тұрғыны Марат Манаспаев ағасымен 63 жылдан кейін табысты.

«Өткен жолы айтқан ағаммен ақыры кездестім. Оның үйден кетіп қалғанынан бері 63 жыл өтіп кетіпті! Ол мен дүниеге келмей тұрып жоғалған. Міне, біз қазір кездестік. Мерекелік дастарханда бірнеше сағат бойынша әңгіме-дүкен құрдық», - деді ол. 

Бірнеше күн бұрын Марат Манаспаев өзінің Facebook парақшасында алдағы кездесуі туралы айтып берген болатын.

«1955 жылы із-түссіз жоғалған менің немере ағам Совет 63 жылдан кейін табылды. Ол соғыста жоғалып кеткен жоқ. Соғыс кезінде оның әкесі - менің әкемнің ағасы Аққазы жоғалып кеткен еді. 1941 жылы майданға төрт ағайынды: Аққазы, Құсайынғазы, Нұрғазы мен Хасен кеткен болатын. Соғыстан тек екеуі - менің әкем мен бауыры Хасен оралды», - деп жазды Марат Манаспаев сол кезде. Оның айтуынша, шешесі Советтің 8 жасында көз жұмған. Жас баланы атасы Жампейіс пен әжесі Дәмбүбі асырап алады. 1953 жылы - Марат туғаннан 3 ай бұрын аталары дүние салады. Одан кейін Советті әжесі мен Шәкен жеңгесі өсірген. «1955 жылы қандай жағдай болғанын біз білмейміз. Бірақ, менің қайтыс болған анамның айтуынша, сол кезде ес жиып қалған жас жігіт ешкімге тіс жармай, үйден кетіп қалған. Содан бері одан бір хабар болмаса керек. Бала кезімде киім тігіп отырып, шешемнің жиі көз жасына ерік беріп отырғанын көретін едім. Біз үйде тоғыз бала болдық. Әкеміз ерте кеткеннен кейін ол бізді жалғыз өсірді. Біз оны тірліктің қамытын көтере алмай, жылайды деп ойлайтын едік. Алайда ол көз жасын сүртіп, есіне «Соқыр Совет» түсіп кететінін айтатын еді», - дейді Марат Манаспаев.

Марат туысқанын кездейсоқ тауып алған. «Советтің Алматыда тұрып жатқан қызы Люция жолын тауып менің інім - Семейде тұрып жатқан Алмас Манаспаевқа хабарласқан. Жағдайды біліскеннен кейін інім Люцияны Астанада тұрып жатқан қызым Райляға бағыттапты. Кейін бәрі белгілі болды - Совет біздің жоғалып кеткен ағамыз болып шықты. Осы уақытқа дейін ол Астанадағы Қырқыншы стансада тұрып жатқан екен. Бір сөзбен, 20 жыл жылдай жап-жақын жерде өмір сүріп жатқанымызбен, бір-біріміз туралы ештеңе білмеппіз», - дейді ол. Ағайындар осылай Қырқыншы стансада табысқан. Мараттың ағасының үйін іздеп көп шаршамағанын айтады. Теміржол кентінде Советті тұрғындардың бәрі танитын болып шықты.

«Стансада бәрі бірін-бірі жақсы біледі екен. Ағамызды іздеп, ауылды аралап жүргенімізде көшеден өтіп бара жатқан бір кісіден Абай көшесінің қайда екенін сұрадық. Ол кімді іздеп жүргенімізді сұрады. Ағамыздың атын атап едік - ол бізді сол кісінің үйіне алып барды. Осылайша, ағамызбен табысып, бірнеше сағат тілдестік», - дейді Марат Манаспаев.

Дереккөз: ҚазАқпарат


 

 


 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.