{metadescription}
ВИДЕО: Тікелей эфир кезінде оператор тоғанға құлап кетті

ВИДЕО: Тікелей эфир кезінде оператор тоғанға құлап кетті

Тікелей эфирді түсіріп тұрған оператор камерасымен қоса тоғанға құлап кетті.

Тікелей эфир тек журналиске ғана емес, операторға да жауапкершілік жүктейді. Екеуі де бар ықыласымен бірге, сақтықты да болжауы тиіс. 

Түсірілім кезінде небір күлкілі жайттар болып тұрады. Мысалы,  8 Now телеарнасының репортері студиямен тікелей эфир жүргізген болатын. Журналист каноэ қайығымен кішкене тоғанда жүзіп келе жатты. Ал оператор онымен қатар жағалаудан камераға түсіріп тұрды. Бір мезетте оператор қайықтың қозғалысымен қатар жүремін деп, суға құлап кетті. Дегенмен бірер секундтан соң ол объективті тілшіге қарай бұрып, жұмысын жалғастыра берді. Білікті оператор қандай сәтте болмасын өз жұмысын тыңғылықты атқаруға тырысады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.