{metadescription}
Елімізде тағы бір банктің депозит ашуға лицензиясы тоқтатылды

Елімізде тағы бір банктің депозит ашуға лицензиясы тоқтатылды

Бүгіннен бастап «Эксимбанк Қазақстан» АҚ-ның жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, жеке тұлғалардың банк шоттарын ашуға арналған лицензиясы уақытша тоқтатылды.

«ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен 2018 жылғы 29 мамырдан бастап «Эксимбанк Қазақстан» АҚ-ның жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, жеке тұлғалардың банк шоттарын ашуға арналған лицензиясының қолданылуы 2018 жылғы 29 тамызға дейінгі мерзімге тоқтатылды», - делінген хабарламада.

Лицензия жеке тұлғалардың жаңа депозиттерін тартуға және жаңа банк шоттарын ашуға тоқтатылғанымен, банктің қолданыстағы депозиттеріне және клиенттеріне қызмет көрсетуге қатысты емес. 2018 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша, банктің жеке тұлғалардан қабылдаған депозиттерінің көлемі 267 млн теңгені құрайды. Банктің жеке тұлғаларының депозиттік портфелінің үлесі банк жүйесінің жеке тұлғалар депозиттерінің жиынтық көлемінен 0,003% құрайды. Бұған дейін ҚР Ұлттық банкінің қаулысымен «Астана Банкінің» жеке тұлғаларға депозиттер ашуға лицензиясы уақытша тоқтатылған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

    



 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде