{metadescription}
Астанада үш жасар бала "менингококты инфекция" диагнозымен ауруханаға түсті

Астанада үш жасар бала "менингококты инфекция" диагнозымен ауруханаға түсті

Астана қалалық балалар инфекциялық ауруханасына,  2014 жылы туған бала "менингококты инфекция" диагнозымен түсті.

Астана қаласының Қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының хабарлауынша  2018 жылдың 29 мамырында сағат 13:12 кезінде қалалық балалар инфекциялық ауруханасына 3,5 жастағы ұл бала түсті. Алдын ала диагноз қойылды: менингококинфекция, генерализді форма (генерализованная форма). Менингит + Менингококцемия.

Бактериологиялық және серологиялық зерттеулер аяқталған соң нақты диагноз қойылады. Қазіргі уақытта лабараторияларда зерттеулер мен емдеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Баланың жағдайы өте ауыр, қалыпты. Емдеуді диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкес алып жатыр.

Қала бойынша балалар арасында менингококкты инфекциямен ауыру фактісі тіркелмеген, эпидемиологиялық ахуал қалыпты. Барлық эпидемияға қарсы шаралар жүзеге асырылып жатыр.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.