{metadescription}
Мас жолаушы автобус жүргізушісін ұрып жіберді

Мас жолаушы автобус жүргізушісін ұрып жіберді

ШҚО-дағы  ішімдікке тойып алған 44 жастағы ер адам Герасимовка ауылында Ново-Явленкаға дейін жету үшін автобусқа отырады, қоғамдық көлікке отырған ол жолда ұйықтап қалған екен. 

Шығуға тиісті аялдамасынан өтіп кеткені үшін жолаушы шу шығарып, жүргізушіні балағаттап, ұрып жіберген. 

Оның ойынша – жүргізуші ұйықтап қалған жолаушыны ояту керек екен.Сол себепті жүргізушіден қайта өз аялдамасына жеткізуді талап еткен. Жолаушының іс-әрекетіне  шыдап отыра алмаған жүргізуші мас адамның көліктен түсуін сұраған. Бұл сөзі үшін жолаушы оның бетінен ұрып , қашып кеткен.

Зардап шеккен ер адам полицияға арызданып, ісі Өскеменнің №2 сотында қаралды. Алайда, екі тараптың бейбіт келісіміне байланысты қылмыстық іс жабылған.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.