{metadescription}
Криштиану Роналду  «Реалды» қай клубқа ауыстырды

Криштиану Роналду «Реалды» қай клубқа ауыстырды

Әлемнің үздік футболисттерінің бірі Мадридтік «Реалдың» және Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналдудың  футболдағы жолын қай клубта жалғастыратыны белгілі болды.

БАҚ-тағы мәліметтерге  қарағанда, ол француздық «Пари Сен-Жермен» клубына ауысуы мүмкін. Футболшының агенті Жорже Мендеш француздық команданың сапына ауысу үшін келіссөздер жүргізу үшін Парижге келген. Осыған дейін Роналду «Ливерпульді» жеңгеннен кейін «Реалдан» кету туралы сөз қозғаған. 

«Болашақ жайлы кейінірек сөз қозғаймыз. Реал үшін ойнағаныма өте қуаныштымын, ал жауабын жақын арада айтамын»,- деді Португалдық футболист. Испан басылымдарының  нұсқасы бойынша, Роналду жаңа келісімшарт талаптарына қанағаттанбағандықтан командадан кетуге шешім қабылдаған. Сондай-ақ,  «Реалдың»  «ПСЖ-дағы»  Неймарға қызығуы оның ашуын туғызған. Сондай-ақ Роналду бесінші «Алтын допты»  алған кезде Мадрид клубының президенті Флорентино Перестің  бразилиялықты мақтауы оны ренжіткен көрінеді.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.