{metadescription}
Алматылықтар Алакөлге ұшақпен жете алады

Алматылықтар Алакөлге ұшақпен жете алады

Алматылықтар еліміздегі ең танымал туристік орындардың бірі Алакөлге ұшақпен жете алады.

 Жақын күндері Алматы әуежайынан Үшаралға алғашқы рейс көкке көтеріледі. Ұшақтар аптасына бес рет қатынайтын болады.

Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысының айтуы бойынша Алматы-Үшарал-Алматы  бағытында ұшақтар дүйсенбі мен сенбі күндері ғана қатынамайды. Билеттің бір бағытқа құны 10 мың теңге. Сонымен қатар, «Жетісу» әуекомпаниясы Талдықорған-Үшарал бағытындағы ұшақтарды іске қосады. Оның уақытын қосымша хабарлайтын болады. Жалпы көлдегі туристік маусым жаз айының алғашқы күнінен басталады. Қазір демалыс орындары туристерді қабылдауға толықтай дайын екенін мәлімдеді.

Үшаралдағы әуежай былтыр 21 шілде күні іске қосылған болатын. Бұған дейін әуе рейсі Астана-Үшарал, Талдықорған-Үшарал бағыттары бойынша қатынады. Әуежай Алакөл жағалауынан 86 шақырым жерде орналасқан.

Биыл Алматы облысындағы айдынды Алакөлге 1 миллионнан аса турист келетіні күтілуде. Туризмді дамыту жағдайымен танысу үшін Нұрсұлтан Назарбаев барған еді.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.