{metadescription}
Үндістанда 50-ге жуық адам қаза тапты

Үндістанда 50-ге жуық адам қаза тапты

Үндістанда дауылдың салдарынан бір апта ішінде 47 адам қаза тапты.

Үндістанның Солтүстігінде дауыл, толастап жауған нөсер мен бұршақтың нәтежесінде  47 адам қаза тауып, ондаған адам зардап шекті. Бұл өңірлерде қатты желдің екпіні 80 км/сағ-қа жеткен. Көптеген аудандарда үйлер мен электр желілері бүлініп,  ағаштар құлаған . 

Уттар-Прадеште 10 жергілікті тұрғын апаттан қаза тауып , тағы алты адам зардап шекті. Бихарда найзағай 17 жергілікті тұрғынның өмірін жалмады. Джарханд штатында 13 адам қаза болған.  

Үндістан Премьер-министрі Нарендра Моди жергілікті билік зардап шеккендермен қаза тапқандардың туған-туыстарына барлық қажетті көмекті көрсетеді деп сендірді. Құтқару қызметі әлі де іздестіру жұмыстарын жүргізуде, қаза тапқандар санының өсуі мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде