{metadescription}
Петропавлда құрылысшы бетон араластырғышқа түсіп ажал құшты

Петропавлда құрылысшы бетон араластырғышқа түсіп ажал құшты

Қайғылы оқиға 29 мамырда кешке "Жас Өркен" шағын ауданындағы құрылыс алаңында болған.

48 жастағы ер адам жұмыс күні аяқталар кезде бетон араластырғышты тазалап жатып, ішіне түсіп кеткен.

Сол сәтте механизм іске қосылып, жұмысшы алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты.

Солтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқарма төрағасының орынбасары Арман Жәлелов хабарлағандай, оқыс оқиғаға кімнің айыпты екенін айтуға әлі ерте.

Оның сөзіне сүйенсек, арнайы комиссия қайғылы жайтты тергеп жатыр. Тиісті шаралар атқарылған соң, қорытынды шығарылады.

ДЕРЕККӨЗ: SPUTNIKNEWS

Кеше

16 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде