{metadescription}
ВИДЕО: Әкесі Қытай түрмесінде отырған сәбидің жанайқайы

ВИДЕО: Әкесі Қытай түрмесінде отырған сәбидің жанайқайы

«Атажұрт» қоғамдық ұйымы өткізген жиында Қытай Халық Республикасында жазықсыз жапа шегіп, заңсыз қамауға алынған қандастарымыздың балалары тиісті орындардан әкелерін босатуға көмек сұрап, зар жылады.

Қазақ елінің оңтүстік астанасына осындай елу тірі жетімді ертіп келген қамаудағы азаматтарды әйелдерінің де шайлығып, мүлде дәрменсіз күйге түскені байқалады.

 Шараны ұйымдастырушылар: «Бұл – баланы әкесінен, зайыбын күйеуінен айырған сұмдық. Адамзат тарихында сирек ұшырасатын қасырет. Қытайдың азшылық ұлттарды езгіге салып, қорлауы бүгінгі таңда бүкіл әлемге әйгіленсе де, кейінде тіпті өршеленіп барады. Сол себепті мұндай қисынсыздыққа тосқауыл қоятын кез жетті» деп бағалады.

Жиын барысында сөз алған қазақтың қаршадай қызы жиналған қауымның көзіне жас үйірді.

– Үшінші сынып оқимын. Жасым тоғызда. Әкем Қытайға кеткеніне тоғыз ай болды. Паспортын тартып алып, түрмеде жатыр. Нұрсұлтан ата, әкемді әкеп беріңізші?, - деп әкесін сағынған бүлдіршін сөзін аяқтай алмай жылап еңіреп жіберді .

Қытайдағы туыстарын іздеген қауым жиылып, Алматыдағы  Қытай елшілігінің консулына барды.  Консулға Қытайда қамауда отырған жұбайларын, әке-шешелерін  іздегедердің атынан  Нұрқия Әубәкір, Бахаргүл Досмұқан, Әсила Әлімқұлова үшеуі кіріп хат тапсырды.

ДЕРЕККӨЗ: SNKZ

 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде