{metadescription}
Елімізде ата-аналарға балаларын үйде қараусыз қалдыруға тыйым салуы мүмкін

Елімізде ата-аналарға балаларын үйде қараусыз қалдыруға тыйым салуы мүмкін

Бүгін Мәжілісте Қазақстанның Бала құқықтары жөніндегі уәкілі ретінде атқарған жұмысы жайында баяндаған Зағипа Балиева 12 жасқа толмаған балаларын үйде қараусыз қалдырған ата-аналарды жазалау қажеттігі туралы ұсыныс айтты

«Қазіргі уақытта жұмыс тобы ата-аналардың 12 жасқа толмаған балаларын қараусыз қалдыруға құқығы болмайтындығын көздейтін норма әзірлеп жатыр. Егер ол 12 жасқа толмаса тіпті үйде де жалғыз қала алмайды», - деді ол.

Сонымен қатар Зағипа Балиева Қазақстанда балаларға көрсетілетін зорлық-зомбылыққа заңмен тыйым салу қажеттігін де айтты.

«Балаларымызды қорғайтын бірде-бір заңымызда зорлық-зомбылыққа тыйым жоқ екенін ойланыңыздар. Баланы өлтіргені, соққыға жыққаны үшін ғана қылмыстық жауапкершілікті көздейтін бап қана бар. Біз әзірлеп жатқан заңнамада кемсітушілік дегеніміз не, зорлық-зомбылықты шектеу, ата-ана жауапкершілігін көтеру сынды мәселелер болады», - деді Зағипа Балиева.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде