{metadescription}
ВИДЕО: Мыңдаған ақ киімділердің құпия кеші бұл жолы Парижде өтті

ВИДЕО: Мыңдаған ақ киімділердің құпия кеші бұл жолы Парижде өтті

Мыңдаған ақ киімділердің құпия кеші бұл жолы Парижде өтті.

Бұны Париждегі ақсүйектілердің тосын кеші деп айтуға болады. Мыңдаған адам бірдей ақ киінеді. Бұл жолы ақсүйектер мүгедектер үйінің алдына жиналды. Стол, орындық, дастархан, ыдыс-аяқ, сусындар мен шараптар, тағамдар - бәрін өзімен бірге алып келген. Ақ киімділер кеші бұл жолы Парижде 30-ыншы рет өткізіліп  отыр.

 

Кездесетін жер жыл сайын өзгертіліп отырады. Және соңғы күге дейін құпия болып сақталады. Не үшін дейсіз ғой? Биліктің назарына ілікпеу үшін.

Ал ақ киім кигісі келетіндер саны жыл сайын өсіп барады. Кейбіреуі тіпті өзге елден де келіп қатысуда. Олар үшін Париждің қақ ортасында дастарханда отыру - құрмет. 

Кейт, кешке қатысушы:

- Бұл дегеніміз керемет! Дастархан, аппақ көйлектер!  Көздің жауын алады. Фрак киген ер адамдар қандай мұнтаздай! Бүкіл әлемнен жиналған түрлі ұлт өкілдерінің бір жерде бас қосқаны расында да керемет! Өмір осындай болуы керек - аппақ! 

Бұл дәстүрді осыдан 30 жыл бұрын Франсуа Паскье ойлап шығарыпты. Ұзақ іс-сапардан оралған Франсуа Булон орманында барлық достарын жинағысы келіпті. Ал аппақ дресс кодты бірін бірі жоғалтып алмауы үшін ойлап тапқан. Ақ киім идеясы көпшілікке ұнап, ақыры жыл сайынғы дәстүрге айналды. 

Дегенмен Паскье аталмыш мерекедегі өз рөліне қарапайым қарайды. 

- Ақ киімділер кешін арнайы ойлап тапқам жоқ. Бірақ тағдыр мені осы қозғалыстың негізін қалаушысы етіп тағайындады. Бірақ бұл менсіз де дамып жатыр. Қазір мен тек қатысушымын. 

Айта кетсек, "Ақ киімділер кеші" қазіргі уақытта дамығаны соншалық, өзге елдерде де атап өтілуде. Мұндай кештер Еуропадан Канадаға дейін ұйымдастырылуда.

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде