{metadescription}
Елімізде үздік спортшы балалар анықталды

Елімізде үздік спортшы балалар анықталды

Өткен жылдың қазан айында бастау алған «SрortFEST Kazakhstan» Қазақстан мектептерінің спартакиадасы мәресіне жетті.

Іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары 31 мамыр мен 4 маусым аралығында Бурабайда өткен финалдық ойындарда бақ сынасқан болатын. Бүгін «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында ауқымды республикалық жобаның қорытындысы жарияланды. Финалдық кездесулер оқушылар үшін тартысты ойындардан бөлек, ерекше естеліктермен де есте қалатыны сөзсіз. Себебі, олар үшін арнайы конкурстар, ойындар, табиғат аясына арнайы экскурсиялар ұйымдастырылды.

Одан бөлек, әр бала жанына жақын іспен айналысуға мүмкіндік алды. Мәселен, оқушылардың бос уақыттарын тиімді өткізу үшін тоқыма, сурет салу, мүсін жасау үйірмелері мен бассейн, спортзал, шағын футбол алаңдары мен кинозалдарда түрлі шаралар өткізілді. Аталған шаралардың барлығы орталық қызметкерлерінің көмегімен жүзеге асырылды. Жоба туралы өз ойын әлеуметтік желі арқылы жеткізгендердің де саны аз емес. Үздік посттардың авторлары анықталып, оларға арнайы сыйлықтар табысталды.

«Біз баскетбол командасымен Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданының намысын қорғауға келдік. Жоба өте ұнады, әсіресе, Балдәуренге келгенімізге өте қуаныштымыз. Бұл жердің табиғаты керемет екен, кеше Бурабайға экскурсияға барып қайттық. Қазақстанның әр жерінен келген балалармен достастық. Бұл спартакиада жазғы демалысымыздың қызықты бастауы десек те болады. Күнде жаңа нәрсе үйренеміз, ойнап, ән шырқап, билейміз. Тіпті, өз қолымызбен әртүрлі кәдесыйлар да жасадық» - дейді жас спортшы Маусым Эмбиева.

Жарыс нәтижелері:

Әскери-қолданбалы спорт түрлері.

1 орын - Алматы қаласы, 2 орын - Шығыс Қазақстан облысы, 3 орын - Ақтөбе облысы.  

Шахмат.

Қыздар арасында: 1 орын - Лесбекова Әсел (Алматы қаласы), 2 орын - Абдуәли Самал (Қызылорда облысы), 3 орын - Сағынтаева Арай (Қарағанды облысы).

Ұлдар арасында:

1 орын - Жалмаханов Рамазан (Алматы қаласы), 2 орын - Бесұлтанов Диаз (Павлодар облысы), 3 орын - Шапиев Әлімхан (Ақтөбе облысы).  

Тоғызқұмалақ.

Ұлдар арасында: 1 орын - Әуелбай Ерсұлтан (Астана қаласы), 2 орын - Тұрақбай Жұмагелді (Маңғыстау облысы), 3 орын - Беркінбаев Жарылқасын (Оңтүстік Қазақстан облысы).

Қыздар арасында:

1 орын - Байболат Гүлнәз (Оңтүстік Қазақстан облысы), 2 орын - Смаилова Жансая (Қостанай облысы), 3 орын - Нұрмедин Әйгерім (Ақтөбе облысы).  

Үстел теннисі.

Қыздар арасында:

1 орын - Бақанова Аймира (Павлодар облысы), 2 орын - Нұрмұхамбетова Әсем (Батыс Қазақстан облысы), 3 орын - Дәрубаева Айдана (Алматы облысы).  

Ұлдар арасында:

1 орын - Андосов Сабыржан (Павлодар облысы), 2 орын - Өсіпбаев Жанболат (Оңтүстік Қазақстан облысы), 3 орын - Жамашев Ислам (Ақтөбе облысы).  

Баскетбол.

1 орын - Ақмола облысы, 2 орын - Ақтөбе облысы, 3 орын - Қостанай облысы

Футзал.

1 орын - Атырау облысы, 2 орын - Қызылорда облысы, 3 орын - Алматы қаласы. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталып, бірінші орын иегерлері - велосипед, екінші орын иегерлері - гироскутер, үшінші орын иегерлері - электросамокаттарға ие болды.

Айта кетейік, «SportFEST Kazakhstan» - «Коммуникативтік бастамалар мен стратегиялар» Жеке қоры мен «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының алғашқы спорттық жобасы. Жобаға республика бойынша барлығы 6 мыңға жуық оқушы қатысып, оның ішінде 528 оқушы финалдық ойындарға жолдама алды.   

Дереккөз: ҚазАқпарат


 

 


 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.