Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
ВИДЕО: Құм төбеде тор жөндеп отырған әйелдер 7 млн. еуроға сатылды
Парижде Винсент Ван Гогтың пейзаж суреті 7 млн. еуроға сатылды.
01:00 06.06.2018
Аукционды ұйымдастырушылар суретті аталмыш бағадан арзанға сатылады деп болжаған болатын.
"Құм төбеде тор жөндеп отырған әйелдер" полотносын суретші өзінің творчестволың дәуірінің басында - 1882-ші жылы салған. Гаага маңындағы ауылдың пейзажы суретшіге шабыт беріпті. Сол кезде Ван Гог ауылда тұрған болатын. Суреттегі күңгірт аспан пен қарғалар соңында Ван Гог үшін маңызды рөл атқарды.
Аукционды ұйымдастырушылар бұл пейзажды 3-5 миллионға сатылады деп топшылаған. Бірақ Солтүстік Америкадан келген сатып алушы (атын атамауды қалады) бұл шедеврды қымбат бағалады.
Artcurial аукцион үйінің өкілі Фрэнсис Бристтің айтуынша, қазір рынокта Ван Гогтың картиналары қалмады десе де болады. Олардың бәрі музейлер мен қорларда. Сондықтан бағалы да сапалы суретті сатып алушылар әрдайым қанша да да болсын ақша төлейге дайын.
Соңғы 8 жылда бұл картина Амстердамдағы Ван Гогтың экспозияциясында сақталып келді. Сосын алдыңғы қожайыны картинаны сатуға бел буды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram