{metadescription}
Instagram желісіндегі өзгерістер

Instagram желісіндегі өзгерістер

Instagram желісі көп ұзамай өз қолданушыларына 1 сағаттық бейнероликтерді жүктеуге мүмкіндік беруі ықтимал.

Instagram желісі тиесілі Facebookте қолданушылар салатын бейнероликтердің ұзақтығын созуды қарастырып жатыр. Қазірде инстаграмда 1 минутқа созылатын видео ғана салуға болады. Сонымен қатар, жаңа өзгертулер тек тігінен түсірілген бейнелерге қатысты болуы мүмкін екені айтылды. Мұндай форматты Instagram Stories функциясы ғана жүзеге асыра алады.

 Instagram Stories көмегімен 24 сағат бойы қолжетімді суреттер мен ұзақтығы 15 секундке жететін қысқа видеолар салуға болады. Жалпы бір сағаттық роликтер тек Instagram Stories-ке немесе түгелдей желіге қатысты болады ма, жоқ па - белгісіз. Жаңа өзгертулерді енгізу жөнінде нақты шешім әлі қабылданбады және жоспар өзгеруі мүмкін.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде