{metadescription}
ВИДЕО: Қазақстан құрамасы Әзірбайжанды жеңді

ВИДЕО: Қазақстан құрамасы Әзірбайжанды жеңді

Қазақстан — Әзірбайжан – 3:0 (2:0).

Астанада өткен жолдастық ойында біздің футболшылар Әзірбайжан құрамасын 3:0 есебімен ұтты.

Ойынның 12-минутында Бауыржан Исламханның айып соққысынан көтерген пасына бірінші болып секірген Роман Муртазаев есеп ашты.

Екі минут өткен соң сол қапталдан шабуыл ұйымдастырған Шомко мен Муртазаев жұбы әзірбайжандықтардың қорғанысын бұзып өтіп, Серік Мужиковке пас қалдырды.

Ойынның соңында Бактиер Зайнутдинов айып алаңының бұрышынан қақпаның тоғыздығын дәл көздеді. Әзірбайжан қақпашысы Камран Агаев оның соққысын қайтаруға қауқарсыз болды.

Қорытынды есеп – 3:0. Қазақстан құрамасы Әзірбайжаннан басым түсті. Ойынды тамашалауға «Астана Арена» стадионына 22 500 жанкүйер жиналған.

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.