{metadescription}
Өскеменде 10 жастағы қызды сілеусін тістеп алды

Өскеменде 10 жастағы қызды сілеусін тістеп алды

Өскемен қаласында 10 жастағы қыздың қолын сілеусін тістеп алған. Оқиға орын алған кезінде баланың жанында анасы болмаған

Зардап шеккен қыз анасымен сол жағалаудағы хайуанаттар бағына барған. 10 жастағы бала анасынан ұзап кеткендіктен оқиғаның нақты қалай болғаны белгісіз.

Анасының айтуынша ол баласының саусағының жараланып, жылап тұрғанын бірақ көрген. Қызы қолын тордың ішіне тықпақ болған кезде орман жыртқышы оның қолын тістеп үлгерген дейді анасы.

Саябақ-кешеннің баспасөз қызметінің хабарлауынша, балаға бірден медициналық көмек көрсетілген.

-Бұл жердегі жарақат нақты сілеусіннен болды деп айтуға тағы келмейді. Оқиға кезінде баланың жанында анасы болмаған. Қазір біздің қызметкерлер аталған істің мән-жайын анықтау үстінде,-дейді кешеннің баспасөз хатшысы Алла Доценко.

Егер баланың қолын сілеусін тістегені нақтыланса музей-қорық кешенінің қызметкерлері тордағы аңның ешқандай аурумен ауырмайтынын және оған уақытында қажетті екпелердің салынып отыратыны жөнінде нақты мәліметтер ұсынбақ.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде