{metadescription}
БҚО-да әйелді балғамен ұрған зейнеткерге үкім шығарылды

БҚО-да әйелді балғамен ұрған зейнеткерге үкім шығарылды

Бүгін Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «Адам өлтіруге оқталу» бабымен айыпталған Федор Шапошниковке үкім шығарды

Сот оны ҚР ҚК 24-бабы 1-бөлігі, 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес кінәлі деп тапты.

Оқиға биылғы 8 наурыз күні сағат 19.30 шамасында Зеленов ауданы Мичурин ауылында болды.

Эльвира Тастемірова Шапошниковпен бірге тұратын әйелді құттықтау үшін сол үйге келеді. Бірақ әйел үйде болмай қалады да, Шапошниковпен бірге мейрам құрметіне арақ ішіледі. Соның барысында Шапошников өзімен бірге тұратын С.Сысолятинаға оны аңду жөнінде хабарлама жібергенін желеу етіп, әйелдің аузына ішімдікті күштеп құя бастайды. Содан кейін өлтіру мақсатымен жәбірленушінің басынан балғамен сегіз мәрте ұрып, ішінен тепкілейді. Үйге жүгіріп кірген Р.Әубәкіров Ф.Шапошниковтың қолынан балғаны жұлып алып, қылмыстық әрекетіне тосқауыл қояды.

Э.Тастемірова жедел жәрдем көлігімен Орал қалалық көпбейінді ауруханасына жеткізіліп, дер кезінде көрсетілген медициналық көмектің арқасында аман қалады.

Сот 1948 жылғы Ф.Шапошниковтың егде жасын, өкінуін және денсаулығын ескеріп, оған ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі бойынша қарастырылған ең төменгі жаза - 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қауіпсіздігі жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеуге үкім етті. Сонымен қатар зейнеткер екендігі ескеріліп, 1 млн теңге көлеміндегі моральдық шығын 800 мың теңгеге түсірілді.

Осыған дейін үйқамақта болған Ф.Шапошников сот залында қамауға алынды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

ДЕРЕККӨЗ: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде