{metadescription}
Еркежанды жеңген вьетнамдық еркек туралы жаңа мәлімет

Еркежанды жеңген вьетнамдық еркек туралы жаңа мәлімет

Бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық боксшы қыз Еркежен Дәулетжанқызын жеңіп кеткен вьетнамдық боксшы еркек болып шықты. 

"Оның қимылы, күлгені, жұдырықтасу мәнері ер балаға қатты ұқсады. Көбісінің назары соған ауған болатын. Халықаралық бокс қауымдастығы сезіктеніп, ДНК анықтамасын сұратқан. Нәтижесінде вьетнамдық боксшының еркек екені анықталды" -деген болатын Еркежанның жаттықтырушысы Арман Тыныбаев. 

Енді белгілі болғандай, Бокс федерациясы жастар арасындағы бокстан Азия чемпионатындағы жанжалға қатысты пікір білдірді. 

"Қолданыстағы процедура бойынша АИБА және Азия Бокс конфедерациясына сауал жіберу қажет емес. Егер осы жағдай ресми түрде расталса, халықаралық ұйымдардың өздері бізге бірінші орын үшін берілетін алтын медаль мен дипломды жіберуі тиіс", - деп мәлімдеді Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі.


 


 


 

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.