{metadescription}
Шымкентте 6 жасар баланы жасөспірім зорлады деген күдік туды

Шымкентте 6 жасар баланы жасөспірім зорлады деген күдік туды

Шымкент қаласында  13 жасар  жасөспірі  6 жасар баланы зорлады  деген күдікке алынған.

4 маусым күні зардап шегуші баланың ата-анасы полицияға арыз түсірген. Оқиға Шымкент іргесіндегі Бозарық елді мекеніндегі құрылыс алаңдарының бірінде болған.

Қазіргі кезде  бұл деректі облыстық Ішкі істер департаменті растап отыр. Осы іске байланысты Қаратау аудандық полиция бөлімі "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шараларын жүргізуде. Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған күдікті ата-анасының қарауында. 

"Күдікті анықталып, ішкі істер органдарына жеткізілді. Қазіргі таңда бұл жайт бойынша Қаратау аудандық полиция бөлімінде ҚР Қылмыстық кодексі сексуалдық сипаттағы жасаған қылмыс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бірнеше сараптама тағайындалды", — деді облыстық ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы Салтанат Қаракөзова.


 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.