{metadescription}
Тірідей жерленген нәресте аман қалды

Тірідей жерленген нәресте аман қалды

Бразилияда жерленген сәби тірі қалды.

Нәрестені қателесіп өлі деп санаған, сосын ны жерлеп, ол жер астында сегіз сағат көмулі жатқан.

Баланы екі полиция қызметкері анықтады: олар жер астынан іңгәлеп жылаған дауысты естіп, дереу жерді қазған. Шамамен 50 сантиметр тереңдікте кішкентай қыздың денесін көреді.

Полицейлер баланың сүйектері сынған деген оймен оны тез арада ауруханаға жеткізді. Дәрігерлер баланы терапия  бөліміне орналастырып, оның ахуалы тұрақты деп сендірді.

Тергеуді бастаған полицияның айтуы бойынша, қыздың анасы 15 жастағы үнді тектес Бразилия  тұрғыны. Оның айтуынша, толғағы  жуынатын бөлмеде басталған, ал бала туыла сала еденге құлап түскен. Нәресте ешқандай дауыс шығармапты, сондықтан босанған әйелдің 57-жастағы әжесі баланы өлген деп санаған. 

Қарт әйел әдет-ғұрыптарды сақтап, баланы матаға орап көмуге кеңес береді.

Полиция бастығы  болған оқиғаның таңғажайып екенін айтуда. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.