{metadescription}
ВИДЕО: Астанада жол апатына ұшыраған жүк көлігі көпірден ұшып кетті

ВИДЕО: Астанада жол апатына ұшыраған жүк көлігі көпірден ұшып кетті

Елордада орын алған жол-көлік апатында қатты соқтығысып қалған жүк көлігі көпірден құлап кетті.

Әлеуметтік желілерде Астанадағы көпірде болған жол апатының видеолары тарап кеттіп, қызу талқыға түсті.

Орын алған жол-көлік апатына қатысты Астана қалалық ІІД мынадай мәлімдеме жасады:

" 31 мамыр күні жүк көлігінің жүргізушісі Құдайбердіұлы көшесімен келе жатып, руль басқармасына ие бола алмай қалып, жолдың қарсы бетіне шығып кетті. Нәтижесінде Chevrolet Niva көлігімен қатты соқтығысып, көпірлен құлап кеткен", - делінген ресми құжатта.

Жол апаты салдарынан Hyundai жүк көлігінің жүргізушісі мен Chevrolet Niva жүргізушісі және ондағы бір жолаушы дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізіліп, кейіннен үйлеріне жіберілген. Жүк көлігінің жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ескерту, видеода бейәдеп сөздер бар!

Видео авторы: Мас Киеубала

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде