{metadescription}
ВИДЕО: Қоқыс үйіндісі мыңдаған балапанның инкубаторы болды

ВИДЕО: Қоқыс үйіндісі мыңдаған балапанның инкубаторы болды

Грузияда құс фабрикасынан қоқыс үйіндісіне тасталған жарамсыз жұмыртқалардан мыңдаған балапан шықты. 

Осыдан біраз уақыт бұрын Марнеули қаласындағы құс фабрикасында мыңдаған жұмыртқа жеуге жарамсыз деп саналып, қала сыртындағы қоқыс үйіндісіне тасталыныпты. 

Енді сол "шіріген" жұмыртқалардан жаппай балапан шыққан. Қала сыртындағы үйілген қоқыстың ішінен шыққан балапандар сол жердің көркіне айналды.

Қала мэрі Темур Абразовтың айтуынша, жұмыртқалар қоқыста тауық басқандай жылы жерге тасталыныпты. Сонда қоқыс инкубатордың рөлін атқарғандай болып тұр. 

Қала тұрғындары балапандарды таласып алуда.  

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде