{metadescription}
Қанат Ислам жарақат алып АҚШ ауруханасына түсіп қалды

Қанат Ислам жарақат алып АҚШ ауруханасына түсіп қалды

Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Қанат Ислам аяғын жарақаттап алғанын айтты.

Жарақатын дайындық барысында алған Қанат Ислам 23 маусымда Лос-Анджелесте өтетін жекпе-жегін өткізе алмайтынын хабарлаған еді.

Желіде боксшының ауруханада жатқан суреті жарияланған.

"23 маусымда жұдырықтасуым қажет еді, АҚШ-тағы дайындық барысында аяғымды жарақаттап алдым. Қарсыласым бар. Бұл кездесуді жанкүйерлерімнің көп күткенін білемін. Бірақ, амал не, жанкүйерлер бұл кездесуді көре алмайтын болды. Шамамен екі айдан кейін аяғым жазылған соң дереу ораламын", - деді Қанат Ислам. 

Қанат Исламға 23 маусымда мексикалық Фернандо Каркамо, жапон Йошихиро Камегаи және америкалық Габриэль Росадоның бірі қарсылас болады деп күтілген еді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде