{metadescription}
Илья Ильин үлкен спортқа қайтып оралды

Илья Ильин үлкен спортқа қайтып оралды

Қазақстандық ауыр атлет, Олимпиада чемпионы Илья Ильин үлкен спортқа қайтып оралады.

Ол екі жылдық біліктіліктен айырылудан кейін өзінің алдағы  жоспарымен бөлісті.

"Мен өзімнің сүйікті ісіме оралдым. Кезекті рет өзіме ауыр атлетикаға тоймағанымды дәлелдедім", – деді Ильин. 

Қазір спортшы Қазақстан чемпионатына дайындық жүргізіп жатқан көрінеді. 

"Осы жұмада жұлқып көтеруде 172 килограмм, серпе көтеруде 212 келі көтердім. Болашақта қалай боларын көрерміз. Әзірге бәрі жоспар бойынша жүріп жатыр, тіпті жоспарды да басып оздық", – деді атлет. 

Оның сөзінше, қиын кезеңнен өтуіне оған жақын адамдары көмектескен.  

Бұрын Ильин ауыр атлетикамен 32 жасқа дейін айналысатынын айтқан еді.

"Осы жасымда мен тек спортшы ғана емеспін. Болашақта спорт-менеджер, жаттықтырушы боламын. Әзірге тұғырда қалай тұратынымды білмеймін. Уақыт көрсетеді, бірақ жинақталып, бәрін жоспарға сай істеуім керек. Бұрын жинаған тәжірибемнің арқасында одан да жинақы болуым керек. Жеңуге тырысамын. Қазіргі тапсырмам – алты жүріс. Бәрін әдемі жасауға тиіспін. Штангамен танго биі болады!", – деді спортшы.

Соңғы екі жылдың көлемінде Илья Ильин жаттығу жұмыстарын жүргізіп, әлеуметтік желіде өз өмірінен ақпарат беріп отырды. Одан бөлек, спортшы ағылшын тілін үйреніп, Бостонға барған еді . 

Естеріңізге салайық, Илья Ильин екі жыл бұрын біліктілігінен,  Пекиндегі Олимпиада – 2008, Лондондағы Олимпиада – 2012-ден алған алтын медальдарынан айырылды. 

Кеше

14 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.