{metadescription}
Жүкті әйелді телефон арқылы  «босандырды»

Жүкті әйелді телефон арқылы «босандырды»

 Астанада жүкті әйелді телефон арқылы  «босандырды».

Елордалық жедел жәрдем орталығының диспетчері ұзақ күттірмей, екіқабат әйелдің аман-есен босануына көмектесті.

«Стансаға телефон соққан әйелге колл-орталықтың диспетчері ауызша ақыл-кеңес беріп отырды. Сөйтіп екіқабат әйел жедел жәрдем бригадасы келгенше өздігімен босанды», - деп хабарлады Астана жедел жәрдем стансасы.

Аман-есен дүниеге келген нәрестенің салмағы - 3800 келі, ал бойы - 51 см. Ал әке-шешесі сәбиге Ренат деген ат берді.

«Жүктілік кезеңі ойдағыдай өтіп, жеңіл босанды. Жедел жәрдем бригадасы келісімен анасы мен баласына алғашқы медициналық көмекті көрсетіліп, перзентханаға жеткізілді», - делінген таратылған хабарламада. 


 


 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.