{metadescription}
ВИДЕО: Атақты актер тікелей эфирде Трамптың атына дөрекі сөз айтты

ВИДЕО: Атақты актер тікелей эфирде Трамптың атына дөрекі сөз айтты

Атақты актер Роберт Де Ниро тікелей эфирде Дональд Трамптың атына дөрекі сөздер айтты. 

Жанжал театр марапатын ұсыну салтанатында орын алды. 

«Tony Awards» театр сыйын беруге арналған салтанатты жиын Нью-Йоркте CBS телеарнасының тікелей эфирінде көрсетіліп жатқан.  

Голливудтің атақты актері Роберт Де Ниро сахнаға шықты. Ол көрермендерге музыкант Брюс Спрингстинді таныстырмақ болған. Алайда актер сөзін АҚШ президенті Дональд Трампқа арнап кетті. Ол президенттің атына бірқатар дөрекі сөздер айтты. 

«Мен бір ғана сөз айтам – ***** [жоғал] Трампқа. Трамппен енді ештеме істеуге болмайды. Тек ***** [жоғал] Трамп», - деді Де Ниро жиналған қауымға.

Кадрларда залда отырған театр актерлері, режиссерлер, продюсерлер атақты актерге ду қол шапалақтағанын көреміз. Қол соғып біткеннен кейін Де Ниро дегенмен сахнаға Спрингстинді шақырды. Белгілі болғаны, телевизия қызметкерлері актердің дөрекі сөздерін дер кезінде "жауып" үлгерді. Айта кетсек, Роберт Де Ниро бастапқыдан Трамптың қарсыласы екені белгілі. 

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде