{metadescription}
Емделушісі пышақтаған дәрігерге ота жасалды

Емделушісі пышақтаған дәрігерге ота жасалды

Ақтөбеде емделушісі пышақтаған дәрігерге ота жасалды.

Ақтөбе қаласындағы отбасылық емхананың тәжірибелі дәрігері Дмитрий Бабичтің жұмысқа кіріскеніне әлі бір жыл толмаған. Ол оқиға болатын күні адам қабылдап, емделушілеріне кеңес, бағыт беріп отырған. Бір кезде өзіне бұрын қаралған қала тұрғыны келіп, еш сөзге келместан оған пышақ сұғып алған

Дәрігер жедел жәрдеммен теміржол ауруханасына жеткізіліп, ем қабылдады. Ауруханада шағын ота жасалды. Себебі, пышақ іш құрылысын, қолын жеңіл кесіп кеткен. Оның өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ.

Ал облыстық ІІД осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру», " Қылмысқа дайындалу және оқталу" баптары бойынша сот алды тергеу жұмыстарын бастады. 

Дереккөз: ҚазАқпарат


 


 

Кеше

20 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде