{metadescription}
ФОТО: Жойылып бара жатқан жабайы жылқы Орынборда құлындады

ФОТО: Жойылып бара жатқан жабайы жылқы Орынборда құлындады

Жойылып бара жатқан жабайы Пржевальский жылқысы Орынборда құлындады.

Ұзақ күттірген, Қызыл кітапқа енгізілген жабайы жылқыны популяциялау бірегей жобасы ақыры нәтижесін берді. 

Пржевальский жылқысының популяциясын жабайы далада жандандыру тәжірибесі 3 жыл бұрын қолға алыныпты. Сол кезде "Орынбор" табиғи қорығына Венгрия және Франция зообақтарынан ондаған жабайы жылқы әкелінген. Жылқылар кезінде Ресей даласында жайылып жүрген.

Райзол деп аталған құлынды туған бие 2016 жылы 20 қарашада Венгрияның ұлттық саябағынан  "Орал маңындағы дала" қорығына жеткізілген. Екі жылда бие климатқа төселіп, енді құлындап отыр. Дүниеге Пржевальский құлыны келді. 

Айта кету керек, Қазақстанда да Пржевальский жылқысын қайта интродукциялау жүріп жатыр. Пржевальский жылқысы – құрғақ бетегелі-жусанды даланы мекендеуші. Тарихи ертеде Пржевальский жылқысының таралу аймағы Қазақстаннан Тянь-Шань баурайына және Моңғол Алтайына дейінгі азия даласының кең аймағын алған, сонымен қатар сол кезде кең таралған жабайы жылқының бір түршесі бола отыра, қазіргі Қазақстан аумағының маңызды бөлігінде таралған.

 
 

Кеше

20 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде