{metadescription}
ВИДЕО: Жанкештінің шабуылы кезінде 13 адам қаза тапты

ВИДЕО: Жанкештінің шабуылы кезінде 13 адам қаза тапты

Кабулда министрлік ғимаратының жанындағы жанкештінің шабуылы кезінде 13 адам қаза тапты.

Ауған астанасындағы жарылыс  13 адамның өмірін жалмады, тағы 25 адам түрлі жарақат алған. Жарылыс дүйсенбі күні Кабулдың  ауыл шаруашылығын қалпына келтіру және дамыту министрлігінің ғимараты жанында орын алды.  Жанкешті құрылғыны қызметкерлер жұмыс күнінің соңында үйлеріне тарап жатқан  кезде қақпаның айналасында іске қосқан.

Ауған билігінің мәліметінше 13 адам қаза тауып, 25 - тен астам адам зардап шеккен.

"Жарылыстың қуатты болғаны соншалық, тіпті терезелерді жұлып әкетті" – дейді оқиғаға куәгер болған министрліктің жүргізушісі.

Жарылысты «Ислам Мемлекеті» тыйым салған ұйымы өз мойындарына алды. Жихадшылар бұған дейін де Ауғанстандағы шабуылдарды ұйымдастырғандығы туралы мәлімдемелер жасаған болатын. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.