{metadescription}
Сауль Альварес журналистер тарапынан жаңа жазаға тартылды

Сауль Альварес журналистер тарапынан жаңа жазаға тартылды

Сауль Альварес Головкинмен жекпе-жекті бұзғаны үшін және допингпен жаңа жазаға тартылды.

Бокс тақырыбына жазатын Америкалық журналистер қауымдастығы (BWAA) салмақ дәрежесінен тәуелсіз әлемнің үздік боксшыларының рейтингін жасады.

Бас үштік өзгеріссіз қалдырылды: украиналық Василий Ломаченко, екінші орында — америкалық Теренс Кроуфорд, ал үшінші орында - жерлесіміз Геннадий Головкин. 

Мұнда мексикалық Сауль Альварес журналистердің дауыс беруі бойынша төрт жайғасымнан төмен сырғып, сегізінші орынға түсіп қалды.

«Канелоның» бұлай құлдырауы Головкинмен жоспарланған жекпе-жекке допинг жанжалының салдарынан шыға алмауы себеп болды. Сондай-ақ алты ай бойы біліктілігінің жоғалтуы. Қауымдастықтың сайты хабарлағандай, BWAA көптеген мүшедері Альвареске қарсы шығып, оның есімін тіпті мүлдем жазбаған. Ол бюллетеньдерде 50 пайыздан төмен енгізілген».

Ал жоғарыда аталған ТОП-10 рейтинг кестесі мындай:

1. Василий Ломаченко (11-1-0, 9 КО) — 145 балл;
2. Теренс Кроуфорд (33-0-0, 24 КО) — 124;
3. Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) — 122;
4. Эррол Спенс (23-0, 20 КО) — 79;
5. Майки Гарсия (38-0, 30 KO) — 74; 
6. Срисакет Сор Рунгвисаи (45-4-1, 40 KO) — 47; 
7. Сергей Ковалев (32-2-1, 28 КО) — 42;
8. Сауль «Канело» Альварес (49-1-2, 34 КО) — 42;
9. Наойя Иноуе (16-0, 14 КО) — 36;
10. Кит Турман (28-0, 22 КО) — 31. 
 

Кеше

20 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде