{metadescription}
ВИДЕО: Ер адам төрт баланы атып өлтіріп, өз-өзіне қол жұмсады

ВИДЕО: Ер адам төрт баланы атып өлтіріп, өз-өзіне қол жұмсады

АҚШ-тың Орландо штатында ер адам төрт баланы атып өлтіріп, өз-өзіне қол жұмсаған.

Қаза тапқан балалардың жасы алтыда, 10 және 11-де, ал ең кішісі – небәрі бір жаста болған. Orlando Sentine жазғандай, екеуі ер адамның өз балалары, ал екеуі – сүйіктісінікі.

Қайғылы оқиға болардың алдында полицейлерге тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы хабар түскен.

Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары күдіктіні ұстай алмады: 35 жастағы Гэри Уэйн Линдси оқ жаудыра бастапты. Салдарынан бір полицей жарақат алды.

Кейін ер адам пәтеріне тығылып, 12 сағаттан астам уақыт бойы балаларды тұтқында ұстаған.

"Пәтерге кіргенде балалардың денесін таптық, қылмыскер де өлі күйінде табылды. Қаза тапқандардың отбасының қайғысына ортақпыз", — деді Орландо полициясының басшысы Джон Майн.

Видео авторы: Associated Press

Дереккөз: Sputnik

Кеше

20 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде