{metadescription}
Ресейдегі әлем чемпионаты ФИФА-ға рекордтық көлемде табыс түсірмек

Ресейдегі әлем чемпионаты ФИФА-ға рекордтық көлемде табыс түсірмек

Әлем біріншілігі ертең басталады.

Ресей жерінде өтетін әлем чемпионаты Халықаралық футбол федерациясына (ФИФА) 6,1 миллиард доллар табыс түсіреді. Бұл туралы "Лента.ру" The New York Times порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Бұл ФИФА тарихындағы рекордтық көрсеткіш болмақ. Тіпті бұл көрсеткіш ФИФА жоспарлаған табыстан 10 пайыз, яғни 1,3 миллиард долларға көп болып тұр. 

Әлем біріншілігін телеарналарға сату көрсету көрсеткіші 2 пайызға артқан. Демеушілер ФИФА-ға 200 миллион табыс түсірген. Федерация бұл жолы Қытай елінің демеушілермен жұмыс істеуге келіскен. Қазіргі уақытта 20 ірі демеушінің 7 Қытай елінен.

Еске салайық, әлем біріншілігі Ресейдің 11 қаласында 14 маусым мен 15 шілде аралығында өтеді. Біріншіліктің шымылдығын "Лужники" стадионында Ресей мен Сауд Арабиясы құрамалары ашады. Топтық кезеңдегі ойындар кестесін көре аласыздар

Дереккөз: vesti.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде