{metadescription}
ВИДЕО: Майшабақтар жаппай қырылып жатыр

ВИДЕО: Майшабақтар жаппай қырылып жатыр

Ресейде Сахалиннің солтүстік-шығысындағы Охинск ауданында Пильтун шығанағында тынықмұхиттық майшабақтар жаппай қырылды.

Табиғат қорғаушылар дабыл қағуда.

"Эковахта Сахалина" өңірлік қоғамдық ұйымында айтылғандай, бір түрдегі балықтардың қырылуы салдарынан Пильтун шығанағында майшабақ популяциясының көп бөлігі жойылуы мүмкін.

Ұйымның басшысы Дмитрий Лисицын осы ауданда әлемдегі ірі компаниялардың ондаған миллион тонна мұнай өндіріп жатқанын еске салды.

Экологтар шығанақ жағалауының 30 шақырым жерін тексеріп шықты. 28 учаскесінің тек біреуінде ғана шамамен 93 тонна өлген майшабақ жатыр. 

Видео авторы: Sakhwatch

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде