{metadescription}
Павлодар облысында 2 жасар бала жұмбақ жағдайда қайтыс болды

Павлодар облысында 2 жасар бала жұмбақ жағдайда қайтыс болды

Красноармейка ауылында дәрігерлер жеткенше сәби қайтыс болып кетті.

Қайғылы оқиға облыс орталығынан 26 км қашықтықтағы Павлодар ауданының Красноармейка ауылында болды.

Жедел жәрдем қызметі өкілдерінің мәліметтері бойынша, 2016 жылы туған ұл бала синтипон материалынан тігілген жамылғыға оралған. Медицина мамандары келгенше сәбидің тұншығып мерт болғаны хабарланды.

Оқиға үйде болған. Қайғылы оқиға туралы өзге мәліметтер жарияланбай отыр.

Дереккөз: ҚазАқпарат
 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде