{metadescription}
Танымал банкир Жомарт Ертаев мәлімдеме жасады

Танымал банкир Жомарт Ертаев мәлімдеме жасады

Ресейде ұсталған танымал банкир Жомарт Ертаев босқын мәртебесін сұрап, Қазақстанның азаматтығынан бас тартатынын мәлімдеді

«Елшілікке Қазақстан азаматтығынан бас тартатыным туралы өтініш бердім. Себебі, Қазақстанда соттың әділ өтетініне сенбеймін. Сол үшін де осыдан 3 жыл бұрын Мәскеуге көшіп кеттім. Төлқұжатқа өтініш бергеніммен оның дайын болуы ұзаққа созылды. Енді босқын мәртебесін сұрап отырмын», – деді Ертаев.

Еске сала кетейік, 8 мамырда Мәскеу орталығындағы Москва-Сити бизнес-орталығының маңында арнайы жасақ сарбаздары қазақстандық банкир әрі кәсіпкер Жомарт Ертаевты ұстады. 

Оған «Bank RBK» АҚ директорлар кеңесінің төрағасының кеңесшісі бола отырып, келісілген ЖШС-ларға 80 миллион доллар көлемінде банктік қарыз беруді лоббилеген.

Сондай-ақ, алған қаражаттарды алдағы уақытта қайтармау мақсатында әрекет еткен» деген айып тағылған. 

Дереккөз: sn.kz

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде