{metadescription}
Месси әлемдегі ең көп табыс табатын футболшы атанды

Месси әлемдегі ең көп табыс табатын футболшы атанды

Аргентиналық шабуылшы бұл көрсеткіш бойынша бірінші рет Роналдудан озды.

Футболдан Аргентина құрамасы мен "Барселонаның" шабуылшысы Лионель Месси Forbes журналының нұсқасы бойынша 2018 жылы әлемдегі ең көп табыс тапқан футболшы атанды. 

Мессидің 2017 жылдың 1 маусымы мен 2018 жылдың 31 мамыр аралығындағы табысы 111 миллион доллар болыпты. Оның 84 миллионы табыс болса, 27 миллионды жарнамадан тапқан. Осылайша аргентинкалық шабуылшы бірінші рет Forbes журналының рейтингінде бірінші рет "Реал" мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналдудан озып отыр. Ал бір жыл аралығындағы Роналдудың табысы 108 миллион доллар (61+47) болған. 

Үздік үштікті түйіндеп тұрған Бразилия құрамасы мен франциялық "Пари Сен-Жермен" клубының шабуылшысы Неймардың табысы 90 миллион доллар (73+17) екен. 

Ресей жерінде басталатын әлем біріншіліне қатысатын ең табысты футболшылардың тізімі мынадай: 

4. Поль Погба (Франция/"Манчестер Юнайтед") – 29,5 миллион доллар;
5. Луис Суарес (Уругвай/ "Барселона") – 26,9;
6. Серхио Агуэро (Аргентина/"Манчестер Сити") – 23,5;
7. Анхель ди Мария (Аргентина/ПСЖ) – 22,6;
8. Килиан Мбаппе (Франция/ПСЖ) – 22,5;
9. Тиагу Силва (Бразилия/ПСЖ) – 22,4;
10. Хамес Родригес (Колумбия/"Бавария") – 22,1.

Дереккөз:  vesti.kz

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде