{metadescription}
ВИДЕО: Бас мүфти отандастарымызды Ораза айтпен құттықтады

ВИДЕО: Бас мүфти отандастарымызды Ораза айтпен құттықтады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады.

Баршаңызды мұсылман үмбетінің ұлық мейрамы – Ораза айтпен шын жүректен құттықтаймын. Қасиетті жұма күнімен қатар келген айт мейрамы құтты-берекелі болғай!

Мұсылман қауымының осынау шуақты мейрамында әрбір шаңыраққа баянды бақыт, Алланың амандығы мен берекетін тілеймін.

Қасиетті рамазан айында ұстаған оразамыз, жасаған әрбір қайырлы амалдарымыз, дұға-тілектеріміз қабыл болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, Алланың сыйы – Тәуелсіздігіміз баянды болғай! Әмин!

Видео авторы: Муфтият ҚМДБ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде