{metadescription}
ВИДЕО: Алматыдағы Саяхат автовобекеті өртке оранды

ВИДЕО: Алматыдағы Саяхат автовобекеті өртке оранды

14 маусымда түнде Алматыдағы Саяхат автобекеті өртке оранды.

Куәгерлердің айтуы бойынша, өрт алдында жарылыс даусы естілген. Кейінірек жарылыстың азық-түлік сататын дүңгіршектердің жанында болғаны анықталды.

Төтенше жағдай орнында өрт сөндіру жұмыстары əлі де жүріп жатыр. Тілсіз жаудың бетін қайтаруға 42 өрт сөндіруші, 12 бірлік арнайы өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.

ТЖМ ұсынған ақпаратқа сәйкес, түнгі 22.26-да 140 шаршы метр аумақта бес бутик өртенді. Сонымен қатар Саяхат автобекетінің 10 шаршы метр шатыры от құрсауында кетті. Өрттің жалпы ауданы 150 шаршы метрді құрайды. Өрт салдарынан құрбан болғандар мен зардап шеккендер тіркелген жоқ.

Өрт сөндірушілер жалынның ішінен үш 50 литрлік жəне үш 25 литрлік газ баллондарын алып шыққан.

Видео авторы: Видосы Казахстан

Дереккөз: Qamshy.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде