{metadescription}
Мені өлді деген ақпаратқа сенбеңіздер - Димаш Құдайберген

Мені өлді деген ақпаратқа сенбеңіздер - Димаш Құдайберген

Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген өзінің өлгені туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. 

«Сенбеңіздер оларға. Мен тірімін. Туыстарым интернетте мұны көрсе қайғыға батады ғой. Баршаға бақыт тілеймін. Ендігәрі бұлай істемеңдер, достар», - деп жазды Димаш Инстаграмдағы парақшасында.

Әнші "Димашты машинасында қан-жоса ғып өлтіріп кетті» деген жазбаның скрин-шотын да салған. Жазбада жалған ақпараттың дереккөзі көрсетілмеген. Димаштың осы жазбасы бірнеше сағатта 15 мың лүпіл, мыңдаған пікір жинап үлгерді.  


 




 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде