{metadescription}
Астана-Павлодар жолында жүк көлігі өртеніп кетті

Астана-Павлодар жолында жүк көлігі өртеніп кетті

Екібастұз ауылдық аймағында Шідерті кентіне жақын 105 шақырымдағы автожолда битум тасымалдаған КамАЗ жүк көлігінің кабинасын өрт шалды.  

Павлодар облыстық денсаулық сақту басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиеваның айтуынша, 35 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілген.

- Оның денесінің 40 пайызын күйік шалған. Қазір ер адам жансақтау бөлімінде жатыр, - дейді Эльмира Темірғалиева.  

Өңірлік ТЖД-ның ақпаратына сүйенсек, төтенше жағдай Астана – Павлодар автобаны құрылысы учаскесінде орын алған. Қызыл жалын сегіз шаршы метрді шарпыған.

- Тілсіз жауды ауыздықтауға бір автоцистерна мен мемлекеттік өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан төрт адам жұмылдырылды, - деді ведомство қызметкері Марал Сағынаева. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталуда.

Дереккөз: pavlodarnews.kz
 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде