{metadescription}
Жасөспірім 18 ғасырда жоғалып кеткен сирек ауруға шалдықты

Жасөспірім 18 ғасырда жоғалып кеткен сирек ауруға шалдықты

Ұлыбританияда 15 жасар бала 18 ғасырдан бері жоғалып кеткен сирек кездесетін ауруға шалдықты.

Уэльс тұрғынының  қауіпті вирусты жанұясына тиесілі фермадағы жануарларға азық берген соң жұқтырғаны белгілі болды.

Денесіне жайылған жаралардан соң бала ауруханаға жеткізіліп, сиыр шешегіне шалдыққаны анықталды.  

Зардап шеккен жасөспірімнің анасының айтуына қарағанда, бұл ауруды бұзауларға азық беріп жатқанда оны бұзау тістегеннен кейін жұқтырған.
Бұл ауру Уэльс аумағында  осыдан 15 жыл бұрын тіркеліпті.

Уэльс денсаулық сақтау ұйымының өкілдері сиырларды азықтандыру және сауу автоматтандырылғандықтан, аталмыш дерттің қазір өте сирек кездесетінін түсіндірді.  

Мамандар бұл ауру 18 ғасырда белсенді тараған деп отыр. Ол адамнан адамға жұқпайды, тек жануардан адамға берілетін ауру екен. 
 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде