{metadescription}
ВИДЕО: Сенсация - Германия жеңілісі мен Бразилияның тең түсуі

ВИДЕО: Сенсация - Германия жеңілісі мен Бразилияның тең түсуі

Мексика жанкүйерлері әлем кубогының F тобындағы алғашқы матчында өз ұлттық құрамасының жеңісін атап өтті.

Мәскеудегі «Лужники» стадионында өткен тартысты ойында ол қазіргі әлем чемпионын - Германия құрамасын жеңді.

Кездесудің 35-ші минутында мексикалық жартылай қорғаушы Ирвинг Лосано гол салды. Ол матчтың үздік ойыншысы атанды. 

Хесус Гарсия Солис, Мексика құрамасының жанкүйері:

- Біз бұнда жеңу үшін келдік. Әйтпесе келмей-ақ қоюға болушы еді. Ешкімнің Мексикаға сенбегені маңызды емес, бастысы - біз өзімізге сенімдіміз! Біз жеңуге келдік!

Якоб Гальван, Мексика құрамасының жанкүйері:

- Қатты толқып тұрмын. Өткен турнирдің чемпионы - Германияны жеңіп кеттік!  Бақыттымын! 

Дондағы Ростовта тағы бір сенсация орын алды. Ең марапатты ойыншылар  - Бразилия құрамасы жеңістен айырылып қалды. Бірінші матчта Е тобында Швейцарияны жеңе алмады. Матч 1:1 есебімен аяқталды. 

Швейцария құрамасының жанкүйері:

- Көңіліміз толды. Бастапқыда бразилиялықтар өте күшті болды, бірінші 20 минутта шабуылдап, гол соғып, сосын жеңіліп қалды. 

Соған қарамастан бұл бразилиялық  жанкүйерлердің меселін түсірмеді. Олар қарсылас команданың жанкүйерлерімен қоса би билеп, ән шырқап атап өтті. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде