{metadescription}
Шымкентте жыныстық қатынасқа түскен 14 жасар қыз бен 16 жасар жасөспірім  үйленетін болды

Шымкентте жыныстық қатынасқа түскен 14 жасар қыз бен 16 жасар жасөспірім үйленетін болды

Жақын арада Шымкентте 14 жасар зардап шегуші қызбен 16 жасар сотталушының үйлену тойы болады.

Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотында , ҚР Қылмыстық кодексінің 122 бабы «16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсу» бойынша жауапқа тартылған жасөспірімнің сот ісін жүргізу аяқталды.

Анықталғандай,  жасөспірім 14 жасар қызбен жыныстық қатынасқа түскен. Қылмыстық іс  қыз бала медициналық тексеруден өткенде аяғы ауыр екендігін білгеннен соң  қозғалған. Ата-анасы полицияға арыз жазады.

Алайда сот барысында зардап шегуші қандай да бір мәлімдеме беруден бас тартқан. Сонымен қатар ата-анасы сотталушы тараппен келісімге келгендігін және жақын арада болатын тойға дайындалып жатқандарын айтты.

Екі тараптың ерікті түрде татуласуға келісімін ескере отырып, сот ҚР ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігінің негізінде сотталушының ісін тоқтатты дейді Оңтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Қанатбек Қонырбаев.  
 
 
 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде