{metadescription}
ВИДЕО: Видеоойындарға тәуелділік психикалық аурулардың тізіміне енгізілді

ВИДЕО: Видеоойындарға тәуелділік психикалық аурулардың тізіміне енгізілді

ДДҰ видеоойындарға тәуелділікті психикалық аурулардың тізіміне енгізді.

Әлемнің барлық ата-аналары балаларын енді компьютер алдына отырғызбаудың амалын тапты. Дүниежүзілік денсаулық ұйымы бейне ойындармен шектен тыс ойнауды психикалық бұзылу ауруларының тізіміне енгізді.

Жаңа халықаралық аурулардың классификациясы кеше жарияланды. Құжатта "ойнаудан бас алмау" үздіксіз және қайталана беретін адамның іс-әрекеті  қазір сондай маңызды болып отыр. Тіпті бұл өмірлік-маңызды қызығушылықты жойып отыр.

Шехар Саксен, ДДҰ сарапшысы:

Адам өзін бақылаудан айырады. Өзіне қажетті істерді ұмытады. Ол: ұйықтау, тамақ ішу, білімін жетілдіру, жұмыс істеу. Сөйтіп деградацияға ұшырайды. Айналасындағы өмірді ұмытып, екі көзі тек экранда болады. Тоқтамай күндіз-түні ойнай береді. Тек осындай адамдарға "психикалық бұзылу" диагнозы қойылады. Барлығына емес. 

Жаңа  классификация әлі ресми қабылданған жоқ. Оны 2019 жылдың мамыр айында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясында ұсынады. Оған дейін барлық елдер өз құжаттарына ұсыныстар мен өзгерістер енгізе беруіне болады. Бекітілген соң, күшіне 2022 жылы қаңтарда енеді. 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.